Мәдениет

Мейрамбек Бесбаев “Парасат” орденімен марапатталды

Мейрамбек Бесбаев марапатталды.

Танымал әнші, “МузАРТ” тобының солисі Мейрамбек Бесбаев “Парасат” орденімен марапатталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

2026 жылғы 22 мамырда Алматыда мәдениет саласының бірқатар өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен берілген марапаттарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.

Бұл жаңалықты өнер иесінің әріптесі Сәкен Майғазиев бөлісті.

“Сүйінші Мейрамбек досым “Парасат” ордені ең марапатталды! Қазақ өнеріне бергенің де, берерің де көп. Абыройың асқақтай берсін. Ақ жүрегіммен қуаныштымын! Жаса, қазақ өнері!” – деп жазды ол.