Қоғам

Пойызда дәретхана “жарылып”, үстіне нәжіс шашыраған әйелге 3 миллион теңге өтемақы берілетін болды

Пойызда дәретхана “жарылып”, үстіне нәжіс шашыраған әйел сот арқылы өтемақы өндіріп алды.

"Астана – Петропавл" бағытындағы пойызда үстіне дәретханадағы нәжіс шашырап кеткен қазақстандық әйел 3 миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жолаушының арызы бойынша істі Астананың ауданаралық азаматтық істер жөніндегі соты қарады. Әйел тасымалдаушы компанияны сотқа беріп, көрсетілген қызметті сапасыз деп тануды және моральдық шығын үшін өтемақы төлеуді талап еткен.

Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылдың 7 наурызда болған. Вагонның санитарлық жүйесіндегі техникалық ақау салдарынан дәретхана ішіндегі заттар апатты жағдайда сыртқа атқылап шыққан. Соның нәтижесінде нәжіс жолаушы әйелдің үстіне шашыраған.

Сот нәтижесінде талап-арыз ішінара қанағаттандырылды. Тасымалдаушыдан жәбірленушіге моральдық зиян ретінде 3 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 2026 жылдың наурызында Астана-Петропавл бағытындағы пойыздың дәретханасы “жарылып”, жолаушыға нәжіс шашыраған болатын.