Қоғам

Қызылордада коммуналдық қызметтері марапатталып, техникамен қамтамасыз етілді

Қоршаған ортаны қорғау, оны күтіп ұстау тек мемлекеттің ғана емес, әр азаматтың міндеті және қоғамның ортақ негізгі құндылықтардың бірі болуы тиіс.

Бүгін Ботаникалық саябақта облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы кең көлемді тазалық акциясы өтті.

Ауқымды акцияға облыс бойынша 17694  адам қатысты. Олардың қатарында зиялы қауым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, басқарма, департамент және инспекция басшылары, «AMANAT» партиясының өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары мен экобелсенділер болды.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Тазалық – өркениетті қоғамның айнасы, дамуға ұмтылған кез келген елдің мызғымас ұстанымы»,- деген болатын.

Қоршаған ортаны қорғау, оны күтіп ұстау тек мемлекеттің ғана емес, әр азаматтың міндеті және қоғамның ортақ негізгі құндылықтардың бірі болуы тиіс.

Өңірімізде санитарлық тазалық, абаттандыру, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында кешенді жұмыстар қарқынды жүруде.
Қызылорда қаласындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс