Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"2 градус үсік болады": 26, 27 және 28 мамырға арналған ауа райы болжамы

"2 градус үсік болады": 26, 27 және 28 мамырға арналған ауа райы болжамы
Сурет: xn----8sbef8axpew9i.xn--p1ai
Қазақстан бойынша жел күшейеді деп күтіледі.

"Қазгидромет" синоптиктері 26, 27 және 28 мамырға арналған ауа райын болжады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Елдің солтүстігі мен шығысында нөсер жауып, бұршақ түседі.

"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанып отыр. 27 мамырда батыста, 27-28 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта, ал 28 мамырда елдің солтүстігі мен шығысында нөсер жауып, бұршақ түседі, екпінді жел соғады", - деп хабарлады метеорологтар.

Қазақстан бойынша жел күшейеді деп күтіледі.

26-27 мамыр түні Қазақстанның шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Температура біртіндеп төмендейді:

  • күндіз батыста 16-28 градус жылы,
  • солтүстікте, орталықта 18-25 градус жылы,
  • шығыста 23-30 градус жылы,
  • оңтүстікте 20-27 градус жылы.
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар