"Оқушыларға кортеж ұйымдастырған": Алматыда 21 түлектің ата-анасы жауапқа тартылды (ВИДЕО)
Оқушылардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды.
Алматыда соңғы қоңырау салтанаты қарсаңында қала мектептерінің бірінің түлектері қатысқан автокортеж тоқтатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Нәтижесінде 21 кәмелетке толмаған қатысушының ата-аналары бала тәрбиесіндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде көзделген көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін бес әкімшілік хаттама толтырды. Көліктер тәркіленді.