Ақтөбеде пакеттің ішінен жаңа туған нәресте табылды
Ақтөбе полициясы сәбидің анасын іздеп жатыр.
Ақтөбеде пакеттің ішінен сәби табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, 23 мамырда Ақтөбе қаласында ішінде жаңа туған сәби бар пакет табылған. Қазір баланың анасы іздестіріліп жатыр.
"Нәресте полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір жаңа туған бала дәрігерлердің бақылауында", - деп жазылған хабарламада.
Полиция қызметкерлері сәбидің анасын анықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.