Мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда, кафелерде ұйымдастыруға тыйым салынады: әкімдіктер мен полиция түлектерді бақылауға алады
Мектеп түлектерінің қорытынды бағалауы 29 мамырдан 15 маусымға дейін өткізіледі.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова түлектерге аттестат табыстау рәсімі қалай өтетінін түсіндірді. Бұл туралы Министрлер кабинетінің отырысында айтылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, мектеп түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі 17-18 маусымда өтеді.
"Бітіру кештері тек білім беру мекемелерінде ғана өткізілуге тиіс. Түлектердің мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда, кафелерде және банкет залдарында ұйымдастыруға, сондай-ақ заңсыз қаражат жинауға тыйым салынады. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар бірлескен бұйрық шығарды. Әкімдіктер бұл мәселені құқық қорғау органдарымен бірлесіп мұқият бақылауға алуы керек", - деді ол.