Мәдениет

"Әкесімен жасты адам ғой": Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің 70 жасын атап өтті

Гүлнұр Оразымбетованың күйеуі 70 жасқа толды.

Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова өзінен 21 жасқа үлкен ғалым Серікбай Өрікбайұлының 70 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол өнердегі достары мен телеарнадағы әріптестестерінің барлығының басын қосқан. 

Шақырылған қонақтардың арасында Мақпал Жүнісова, Жанболат пен Жазира, Ләйлә Сұлтанқызы, Қарақат Әбілдина сынды әншілер бар. 

"Гүлнұрдың жары Серікбай Өрікбайұлы 70 жасқа толды", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы парақшасында. 

Желі қолданушылары да әншінің күйеуін 70 жасқа толуымен құттықтауда. Сонымен бірге сынап жатқандар да бар.

"Мерейтой құтты болсын", «Әкім болып, дүркіреп тұрған шығында тиген шығар","Шалға тиген бе сонда?",  "Осы шалдың арқасында экранды бермей жүрген бе?", "Әкесімен жасты адам ғой", "Күйеуін онша көрсетпейтін еді", , - деп жазды оқырмандар.