Қазақстан мектептерінде жаңа пән енгізіледі
Жаңа оқу жылында "Жеке қауіпсіздік" атты жаңа пән енгізіледі.
Еліміздің мектептерінде жол қозғалысы ережелері жеке пән ретінде қарастырылады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Бұл пән жол қозғалысы ережелерін, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мәселелерін қамтиды. Пән оқу бағдарламасына енгізіледі. Сондай-ақ жеке қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тақырыптары болады. Балаларды оқытуда шешілуі қажет барлық өзекті мәселе ескерілді", – деді Жұлдыз Сүлейменова.