Қоғам

"Жаңбыр жауып, бұршақ түседі": 28-30 мамырға арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Қазгидромет синоптиктері 28-30 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республика бойынша ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде бүкіл кезең бойы, 28 мамырда оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда, ал 28-29 мамыр күндері солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндізгі ауа температурасы:

  • батыста 15-25 градус жылыға дейін төмендейді;
  • кезеңнің басында солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 17-25 градусқа дейін төмендеп, кезең соңында 20-33 градусқа дейін көтеріледі;
  • шығыста 15-25 градустан 20-30 градус жылы аралығында құбылады;
  • оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кезең басында 20-28 градусқа дейін төмендеп, соңында 27-38 градусқа дейін көтеріледі.