Роза Рымбаева Баянсұлуға сахналық көйлегін сыйға берді
Роза Қуанышқызы Баянсұлуға сыйлық берді.
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның “Сахнада 50 жыл” атты гастрольдік турының Астанадағы концертінде өзімен бірге өнер көрсеткен жас әнші Баянсұлуға ерекше сыйлығын берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші Баянсұлу әлеуметтік желідегі парақшасында концерттен кадрлар бөліскен.
“Бүгінгі күн мен үшін тарихи күн.
Бала кезде ауылда атa-әжем, анам, әкем Роза Рымбаеваны теледидардан көріп, тәмсанып, меніңде қызым ертең Роза сияқты мықты әнші болады деп айтатын. Ал бүгін Роза ханымның 50 жылдық концертінде, бір сахнада тұрып бірге ән айту бұйырыпты. Аман болыңыз аңыз адам”, – деп жазды ол.