Жамбылда полицей казарма бөлімшесінде өзіне оқ атты
Жамбыл облысы, Қордай ауданында полицей арнайы бөлімнің казармасында өзіне қол салды деген хабар тарады.
28 мамырда 31 жастағы инспектор тура дәлізде тапаншадан самайына оқ атқан деп жазады Halyqstan арнасы.
Оқиға орнына келген дәрігерлер ауыр халдегі науқасты аудандық ауруханаға жеткізген. Бірақ полиция қызметкері кешке есін жимастан қайтыс болған.
Жамбыл облыстық полиция департаменті жағдайды растап отыр.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Қызметтік тексеру тағайындалды», – делінген полиция жауабында.
Инспектор мұндай әрекетке не себепті барған белгісіз.