Басты жаңалықтар

Атрыаудағы бір отбасының жоғалуы: Ақбаян Мұқанғалиеваның психиатриялық сараптама қорытындысы белгілі болды

Мұқанғалиева динамикалық бақылау мен дифференциалды диагностиканы қажет етеді.

Ақбаян Мұқанғалиеваның психиатриялық сараптама қорытындысы белгілі болды. Атырау облыстық прокуратурасы кейбір мәліметтерді айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Алматыдағы стационарлық кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптамасы қорытындысына сәйкес, Мұқанғалиева динамикалық бақылау мен дифференциалды диагностиканы қажет етеді", – деп хабарлады прокуратура.

Атырау облыстық прокуратура мәліметінше, бастапқыда Мұқанғалиеваға қатысты 99-баптың 2-бөлігі 1-тармағы "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бойынша қылмыстық іс тергелген. Алайда 27 сәуірде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.

Прокуратураның хабарлауынша, Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс материалдарынан Қылмыстық кодекстің 434-бабында көзделген "Қылмыс туралы хабарламау" белгілері бойынша жеке іс жүргізу бөлінді.