Атырауда бір отбасының төрт мүшесінің өлімі: сотта әкесінің сөзін тыңдаған Сәрсемалиев көзіне жас алды
Әкесінің сот залында сөйлегенін көрген Сұлтан көзіне жас алды.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында бір отбасының төрт мүшесін аяусыз өлтіру ісі бойынша куәгерлерден жауап алу басталды. Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасы сотта куәгер ретінде түсінік берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сот отырысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі Самиғұлла Сәрсемәлиев жауап берді. Әкесінің сот залында сөйлегенін көрген Сұлтан көзіне жас алды.
"Ұлым балаларына да, әйеліне де ешқашан агрессия көрсеткен емес. Олардың арасында жанжал болған жоқ, Сұлтан үй ішіндегілерге әрдайым сыпайы әрі сабырлы қарайтын", - деді айыпталушының әкесі Самиғолла Сәрсемалиев сотта.
Сот барысында ол ұлын сабырлы, отбасына берілген адам болғанын айтты. Ол қаңтар айында Сұлтан мен Ақбаянның Қазақстан шекарасынан өткенін білген.
Адвокат Сұлтанның қандай да бір діни ағымға қатысы бар-жоғы туралы сұрақ қойды. Әкесі нақты жауап бере алмайтынын айтты. Әлі күнге дейін болған оқиғаны толық түсіне алмай жүргенін және ұлының мұндай қылмысқа баратынына сенбейтінін айтты. Оның сөзінше, ол немерелеріне үнемі барып тұрады. Қазір бір бала сәбилер үйінде болса, тағы төртеуі Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатыр.
"Сот кімнің кінәлі екенін анықтап, бұл іске нүкте қояды деп үміттенемін", – деді күдіктінің әкесі.
Куәгер ретінде сотталушының анасы Гүлнар Азмұханова соттың сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Судья әйелдің тергеу барысында берген жауабын оқыды. Ол да растады. Сот залынан шығар алдында Азмұханова ұлының бес баласына өзі қарайтынын айтты.
"Сен бұл өмірде қуаныш көрмедің. Өмір бойы күресумен келдің. Мықты бол. Өмір үшін күрес. Мен балаларыңа олардың әкесі бар екенін айтып отырамын", – деді ол.