Басты жаңалықтар

"+40 градусқа дейін": алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады деп болжанды.

"Қазгидромет" синоптиктері 30, 31 мамыр және 1 маусымға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде  Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

"30-31 мамырда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ жаууы және екпінді жел соғуы мүмкін. Республиканың қалған аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болады", - деді метеорологтар.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады деп болжанды.

Қазақстан бойынша күндіз ауа температурасының көтеріледі: батыста +20...+25 градусқа дейін, елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында +23...+38 градусқа дейін, республиканың оңтүстігінде +30...+40 градусқа дейін.