Қазақстанда ветеринарияны дамыту бойынша ветеринария қызметкерлерінің жалақысын арттыру жоспарға енгізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда 2026-2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспары бекітілген.
Жоспардың негізгі басымдықтары – жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы күрес, ветеринария мамандарының жалақысын көтеру, ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту және тағы басқалары.
"2030 жылға қарай Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуын 80 пайызға дейін жаңарту және толықтыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға қатысты ветеринариялық ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақы төлеу қоры 1,5-2,5 есеге дейін артады", - делінген хабарламада.


