Мәдениет

“Тағы да жеңдік”: сот Дариға Бадықованың талаптарын тағы қанағаттандырмады

Инга Иманбай актриса Дариға Бадықованың сотта тағы жеңілгенін айтты.

Актриса Дариға Бадықованың талаптары сотта тағы да қанағаттандырылмады. Бұл туралы Заңгер Инга Иманбай мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

“Дариға Бадықованы тағы да жеңдік. Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды қорғаған ісіміз бойынша Дариға Бадықованың апелляциялық шағымы да қанағаттандырылмады. Яғни Алматы облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды”, – деді ол.

Айта кетейік, 2025 жылы қазанда "Уақыт көрсетеді" YouTube арнасында Нұрсейіт Жылқышыбай актер Дархан Мұсаевтан сұхбат алған. Ол Дариға Бадықовамен ажырасуының себебін айтқан болатын. 

Осыдан кейін актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың үстінен арыз түсірді.