Өскемендегә зауытта жарылыс: ТЖМ төтенше жағдайдың алдын ала себебін атады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:31
- 51
Бүгін үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Өскемендегі зауытта болған жарылыстың алдын ала себебін атады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Министр тиісті сараптамалар мен зерттеулер тағайындалғанын айтты.
"Жұмысшылар қаза болған "Востокцветмет" шахтасында және "Казцинк" зауытында болған алған екі ірі апат бойынша тергеу жалғасып жатыр. Бейінді сарапшылардың қатысуымен тиісті сараптамалар мен зерттеулер тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша "Востокцветмет" шахтасында болған апатқа, тау-кен жұмыстарын жобалық құжаттама талаптарын бұзып жүргізу және жұмыс өндірісінің тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы себеп болған."Казцинк" зауытындағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуы салдарынан болды деген болжам бар", - деді ТЖМ басшысы.
Шыңғыс Әрінов тергеу аяқталғаннан кейін кәсіпорындарға қатысты тиісті шаралар қабылданатынын айтты.



