«Тоғыз рет құрсақ жоғалттым»: Гүлзира Айдарбекова бірнеше рет түсік тастағанын айтты
Қайрат Нұртастың анасы продюсер Гүлзира Айдарбекова тоғыз рет түсік тастаған.
Әнші Қайрат Нұртастың анасы продюсер Гүлзира Айдарбекова жеке өмірінде бастан кешірген ауыр жағдайлар туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, “Шайдың қыздары” подкастында ұлы Қайрат Нұртасты дүниеге әкелгеннен кейін бірнеше рет құрсақ көтеріп, сәбиінен айырылған.
Ағасының қайтыс болғаны туралы суыт хабарды естігеннен кейін қатты уайымға түскен. Сөйтіп құрсағындағы сәбиінен айырылып қалған.
“Баланы шетінеп кетті дейміз ғой. Бірде ағамды іздеп Түркістанға қарай қоңырау шалдым. Ол кезде смартфон жоқ. Сөйтсем, ол досының үйінде екен. Қоңырауды ағамның досының үйіндегі жеңгеміз көтерді де “Гүлзира, сенсің бе? Сенің ағаң қайтыс болды” деді. Мен тіпті “кім?” деп сұрамастан, телефонды қоя салып, әр ағамды бір елестеттім. Суыт хабарды естіп, қатты уайымдап қалдым. Сол кезде құрсағымдағы сәбиім шетінеп кетті”, – дейді ол.
Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, осы жағдайдан кейін тағы бірнеше рет түсік тастаған.