Синоптиктер Астана мен Алматы қаласына арналған ауа райы болжамын жасады
Алматы мен Астанада ауа райы құбылмалы болады.
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 3, 4 және 5 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
3 маусымда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +29...+31 градус болады.
4 маусымда күн құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +25...+27 градус болады.
5 маусымда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +26...+28 градус болады.
3 маусымда күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +29...+31 градус болады.
4 маусымда күн құбылмалы болады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус болады.
5 маусымда күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +28...+30 градус болады.