Қоғам

Қазақстанда жүргізушілердің қандай айыппұлы кешірілетіні белгілі болды

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Қазақстанда әкімшілік рақымшылық бойынша жүргізушілердің қандай айыппұлдары кешірілетінін түсіндірді.

Мәжіліс кулуарында журналистерге сұхбат берген Санжар Әділов жүргізушілердің қандай айыппұлдары кешірілуі мүмкін екенін айтты.

"Біріншіден, Ішкі істер министрлігі бойынша 58 бап қарастырылғаны белгілі. Осы санатқа жататын құқық бұзушылықтардың көбі жол қауіпсіздігіне қатысты.

Оларға жол белгілерін елемеу, ұялы телефон пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау және басқалары жатады. Тағы да атап өткім келеді – әкімшілік рақымшылыққа қоғамға қауіпті емес және азаматтарымыздың қауіпсіздігіне әсер етпейтін әрекеттерге қатысты бұзушылықтар ілігеді", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.