Тоқаев Кипр президентіне І дәрежелі "Достық" орденін табыстады
Президент Никос Христодулидиске І дәрежелі "Достық" орденін табыстады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президенті Николас Христодулидисті бірінші дәрежелі “Достық” орденімен марапаттады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Президент Кипрдің Қазақстанның Еуропа Одағымен байланысын дамытуда әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты.
“Осы уақыт ішінде екі ел арасындағы қарым-қатынас едәуір нығайды. Астана мен Никосияда елшіліктер ашылып, тұрақты байланыс орнатылды. Президент Никос Христодулидистің Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапары Ларнака мен Астана арасындағы алғашқы тікелей әуе рейсінің іске қосылуымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні ерекше. Біз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Бұл екі халықтың да мүддесіне сай келеді”, – деді Тоқаев.