Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Рөлде қарындасым отыр": Таразда полиция бастығы қызметінен кетті

"Рөлде қарындасым отыр": Таразда полиция бастығы қызметінен кетті
Сурет: видеодан скриншот
Тараздағы даулы видеодан кейін полиция бастығы жұмыстан босатылды.

Әлеуметтік желіде Тараз қаласының патрульдік полицейлерінің Сарысу аудандық әкімшілік полиция бөлімінің бастығын тоқтатқан видео тарады. Жағдайға қатысты өңірлік полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тараз патрульдері Сарысу аудандық әкімшілік полиция бөлімінің бастығын тоқтатқан. Кадрда ішімдік ішіп алған ер адамның көлік тізгінінде өзі отырмағанын айтқаны естіледі.

"Болжам бойынша, ол көлікті мас күйінде басқарған. Әріптестерінің "рөлде кім болды?" деген сұрағына ол "қарындасым" деп жауап береді. Кейбіреулер мұндай жағдайдың бірінші рет емес екенін жазған", – делінген жазбада.

Әлеуметтік желіде оқиғадан кейін ер адамның еңбекке жарамсыздық парағын (больничный) алғаны айтылды.

"Құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін аталған тұлға ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылады. Полиция департаменті кез келген заңбұзушылық пен қызметтік тәртіптің бұзылуына қатысты қатаң ұстанымда, кінәлі тұлғалардың лауазымына, шеніне және қызметтік жағдайына қарамастан жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етеді", – деп хабарлады ПД.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар