Қоғам

Қазақстандықтар Астана күніне орай шілде айында қанша күн демалады

Қажақстандықтар шілде айында қосымша демалыс ала алады.

Қазақстандықтарды шілде айында демалыс күндері күтіп тұр. Астана күніне орай қосымша демалыс күні беріледі. Мемлекеттік мереке дүйсенбіге сәйкес келетіндіктен, ел тұрғындары бірнеше күн қатарынан демала алады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жыл сайын 6 шілдеде Қазақстанда Астана күні атап өтіледі. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер қатарынан үш күн демалады.

  • 4 шілде (сенбі) - демалыс;
  • 5 шілде (жексенбі) - демалыс;
  • 6 шілде (дүйсенбі) - Астана күніне орай мерекелік демалыс.

Алты күндік жұмыс аптасында кесте келесідей болады:

  • 4 шілде (сенбі) - жұмыс күні;
  • 5 шілде (жексенбі) - демалыс;
  • 6 шілде (дүйсенбі) - мерекелік демалыс.

Бес күндік жұмыс аптасымен істейтін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Алты күндік кестемен жұмыс істейтіндерге 5 демалыс және 26 жұмыс күні қарастырылған.

Дәстүр бойынша 6 шілдеде бүкіл ел аумағында Астана күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді.