Жангелдиндегі қанды қылмыс: сотта Сәрсемәлиевтың марқұм Нәсіп Өтешқалиеваның алтындарын ломбардқа өткізгені видеосы көрсетілді
Сотта Сұлтанның ломбардқа алтын өткізген видеосы көрсетілді.
Атырау облысында бір отбасының 4 мүшесінің өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Айыпталушы марқұм болған отбасының күйеубаласы Сұлтан Сәрсемәлиев, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сот барысында Сұлтанның ломбардқа алтын өткізген видеосы көрсетілді. Бұл туралы журналист Жұлдыз Қайратқызы желідегі парақшасында салды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол өз әйелінің ата-анасы мен туыстарына қатысты ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Іс материалдарында бірнеше адамның қаза табуына әкелген оқиға отбасы ішінде болған жанжалдан басталғаны айтылған.
Сот барысында айыпталушы кейбір эпизодтар бойынша кінәсін ішінара мойындаған, алайда бірқатар тармақтармен келіспейтінін білдірген. Мысалы, ол Наурыздың өлімі абайсызда болғанын айтқан.
Сараптама қорытындылары бойынша, күдікті қылмыс жасаған кезде өз әрекетіне жауап бере алатын жағдайда болғаны көрсетілген. Тергеу барысында бұл іске басқа тұлғалардың қатысы анықталмаған.