Қоғам

Қазақстандықтардың кейбіреуіне шығармашылық демалыс беріледі

Ұлттық ғылым академиясының қызметі бюджет қаражаты және заңмен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері арқылы қаржыландырылады.

Сенат аппаратының басшысы Максим Споткай Қазақстанда ғалымдарға арналған әлеуметтік демалыстың жаңа түрі енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, сенаторлар ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелеріне қатысты заңды мақұлдаған.

“Жетекші ғалымдарға қолдаудың қосымша шарасы ретінде шығармашылық демалыс беріледі. Бұл демалыс жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында,  ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдарға арналған”, – деді Максим Споткай.

Сонымен қатар ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тәртібі жеңілдетіледі. Енді ғылыми ұйымдар бірнеше көзден, соның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары есебінен де қаржы ала алады.

Бұдан бөлек, Ұлттық ғылым академиясының қызметі бюджет қаражаты және заңмен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері арқылы қаржыландырылады.

Сондымен қатар мектеп оқулықтарынан баспаның кінәсінен қателер анықталған жағдайда, олардың таралымын баспа өз қаражаты есебінен ауыстыруға міндетті болады. Бұл норма заңнамада бекітіледі.