Қоғам

Зейнетақы тағы өсе ме: Еңбек министрі жауап берді

Биыл зейнетақыны өсіру мәселесі қаралмаған.

Қазақстанда биыл зейнетақысы тағы өсе ме деген сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай жауап берді,  деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Журналистер Виктория Шегайдан 2026 жылғы инфляцияның өсуіне байланысты зейнетақыны индекстеле ме деп сұрады.

«Барлық зейнетақы төлемдері әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес жыл сайын индекстеледі. Бұл болжамда инфляция өсімінің орташа шекті деңгейі айқындалады. Ал жекелеген кезеңдерде және тек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғана қосымша индекстеу туралы шешім қабылданады», – деп түсіндірді ол Сенат кулуарында.

Виктория Шегайдың айтуынша, биыл мұндай тапсырмалар берілген жоқ, сондықтан қосымша индекстеу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.