Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жангелдиндегі отбасындағы төрт адамның өлімі: сотта Ақбаян Мұқанғалиеваның тергеудегі жауабы жарияланды

Жангелдиндегі отбасындағы төрт адамның өлімі: сотта Ақбаян Мұқанғалиеваның тергеудегі жауабы жарияланды
Сурет: видеодан скриншот
Сотта Ақбаян Мұқанғалиевадан тергеу кезінде жауап алынған видео көрсетілді.

Атырау облысындағы отбасындағы төрт адамның өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот отырысында жаңа бейнематериалдар көрсетілді. Күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның тергеу кезінде берген жауабы бейнеленді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Kazinform мәліметінше, кадрларда Сұлтан Сәрсемәлиевтің ерлі-зайыптылардың Қазақстан шекарасынан өткен сәттері және Ақбаян Мұқанғалиеваның тергеу кезінде берген жауабы мен бейнеленген.

Сотта көрсетілген видеода Ақбаян Мұқанғалиева Атырауға жеткізілгеннен кейін тергеушілердің сұрақтарына жауап береді. Ол ата-анасының Жангелдин ауылында тұрғанын, оқиғаға дейін ағасы Наурызбен сөйлескенін айтқан. Сондай-ақ туған жері Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылы екенін және соңғы уақытта Мұнайшы ықшамауданында тұрғанын мәлімдеген.

Алайда тергеу барысында әйел кейбір маңызды сұрақтарға нақты жауап бере алмаған. Атап айтқанда, өз мекенжайын, Қазақстанға қашан оралғанын және тергеу әрекеттері қай күні жүргізілгенін есіне түсіре алмаған.

Бейнежазбада тергеуші Ақбаян Мұқанғалиеваның психоневрологиялық диспансердің ақпараттық жүйесінде есепте тұрғаны анықталғанын айтып, осыған байланысты тергеу әрекеттерін жалғастыру мүмкін болмағанын жеткізеді.

Сонымен қатар сотта Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева тұрған Мұнайшы ықшамауданындағы жалдамалы үйдің маңында жүргізілген тергеу әрекеттерінің видеосы да көрсетілді. Тергеушілер теміржол бойындағы қамыс арасынан ер адамның киімдерін тапқан. Бұдан бөлек, қан дақтарына ұқсас іздері бар кілем, неке куәлігі, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері мен медициналық құжаттар салынған сөмке тәркіленген.

Айта кетейік, Атырау облысының Жангелдин ауылында болған қанды оқиға бойынша Сұлтан Сәрсемәлиев бұрынғы жұбайының төрт жақынын өлтірді деген айыппен сот алдында жауап беріп жатыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар