Қазақстанда доллар неге қайта қымбаттады: Ұлттық банк төрағасы жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:50
- 58
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллардың қайта қымбаттай бастауы немен байланысты екенін түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Журналистер Ұлттық банк басшысынан биылғы жазда доллар бағамы қалай өзгеретінін сұрады.
"Меніңше, бұл жағдайға аса таңғалудың қажеті жоқ. Бізде долларына 500 теңге шамасындағы бағам мұнай бағасы барреліне 65–70 доллар деңгейінде болған кезде тіркелген еді. Негізгі экспорттық тауарымыз мұнайдың құны екі есеге жуық өскенде, валюталық түсім де артады. Теңге бағамының нығаятыны анық", - деп түсіндірді ол.
Ұлттық банк басшысы бағамға валюта ұсынысы ғана емес, сұраныс та әсер ететінін атап өтті. Сондай-ақ, бағамның өзгеруі нарықтық процесс екенін айтты.
"Доллардың әлсіреу, одан кейін біршама нығаю бағытындағы қозғалысы жүйелі құбылыс және ол нарық заңдылығымен айқындалады", - деп түйіндеді ол.



