Қоғам

"4 ауылдасы зорлаған": қазақстандық әйел 30 жыл бұрын зорлықшыдан босанып, жоғалтып алған қызын тапты

30 жыл бұрын 4 ауылдасы зорлаған әйел қызын тапты.

Қазақстандық әйел 30 жыл бұрын зорлықшыдан босанып, жоғалтып алған қызын тапты. "Немолчи" қорының негізін қалаушы Дина Тансари Наташа Қалымбетоваға қатысты қоғамда үлкен резонанс тудырған іске байланысты жаңа мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ.

Есте болса, бірер күн бұрын бүтін қазақстандықты  Наташа Қалымбетованың оқиғасы қайран қалдырған еді. 17 жастағы қызды төрт ауылдасы зорлап, жүкті еткен. Студент қыз қайғылы жағдайдан кейін өліммен арпалысып жүріп қыз баланы дүниеге әкелген. Бұл қиындық өтті-ау дегенде Наташа үш жасқа толған қызын таппай қалады. Араға 30 жыл салып өмір бойы жанын ауыртқан жағдайды Наташа көпшілікке айтып, көмек сұраған еді.
«Бүгін біз қыздың табылған болуы мүмкін екенін хабарладық. Қолымыздағы деректер оның шынымен Наташаның қызы екенін көрсетіп отыр. Істің жария болуының арқасында біз болжамды қыз туралы көптеген ақпарат алдық. Барлық мәліметтерді салыстырып, мұқият тексердік. Сол түні біздің команда, Наташа және адвокаттар көз ілмеді. Барлық белгілер оның дәл өзі екенін аңғартады. Біз оның бала кезіндегі фотосуретін таптық. Наташа суретті көрген сәтте бірден таныды. Бұл өте толқынысты сәт болды. Ол: “Бұл – менің қызым екеніне күмәнім жоқ”, – деді», – дейді Тансари.

Бұған дейін Наташа Қалымбетова қызын АҚШ азаматтары асырап алғанын және оның қазір Америкада тұруы мүмкін екенін айтқан болатын. Осыған байланысты қор басшысы қазақстандықтардан баланы іздеуді уақытша тоқтатып, оның отбасын мазаламауды сұрады.

«Баршаңызға үлкен өтінішіміз бар. Бұл жағдай Наташа үшін де, оның қызы үшін де, бәріміз үшін де өте ауыр. Іздеуді тоқтатайық, өйткені біз қажетті ақпаратты таптық. Қазіргі уақытта осы мәліметтің өзі жеткілікті. Қыздың отбасына түсіністікпен қарайық. АҚШ-тағы өмір салты мен көзқарас бізден өзгеше. Ақпараттың мұншалықты таралуы, іздеу жұмыстары Наташаны алаңдатып отыр. Сондықтан адамдардың сезіміне құрметпен қарағанымыз жөн», – деді Дина Тансари.

Наташа Қалымбетова арада көп жыл өтсе де қызымен қайта байланыс орнатуға ғана емес, осы іске кінәлі адамдардың жауапқа тартылуына да қол жеткізгісі келеді. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, тергеу аясында айтылған барлық уәждер тексеріліп жатыр. Істің қозғалғанын Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов те растады.

Немолчи қорының негізін қалаушы Дина Тансари Наташа Қалымбетоваға қатысты қоғамда үлкен резонанс тудырған іске байланысты жаңа мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ.