Басты жаңалықтар

Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: синоптиктер 9, 11 маусымға арналған ауа райы болжамын жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қазақстанда алдағы күндері  ауа райы құбылмалы болады. Кейбір өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнаса енді бірінде күн ыстық болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін, сонымен қатар бірқатар аймақта аптап сақталады.

9-11 маусымда Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, ал 11 маусымда оңтүстік-шығысында нөсер жауады. Кезеңнің басында шығыста, ал кезеңнің ортасынан бастап елдің оңтүстік-батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.