Басты жаңалықтар

«Қой сияқты бауыздап өлтірген»: Айгүл Сайлыбаеваның ата-анасы қыздарының өліміне қатысты жантүршігерлік мәліметтерді айтты

Германиядағы экс-судья Сайлыбаеваға қатысты тың деректер айтылды.

Германияда өлтірілген қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның туыстары марқұмға қатысты жантүршігерлік мәліметтерді айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айгүл Сайлыбаваның ата-анасы "Осторожно: Собчак" YouTube-арнасына сұхбат берді.

Айтуынша, марқұм анасына енесімен қарым-ұатынасы туралы бірнеше рет айтқан. Алайда, ол қызына ақыл айтып, онша мән бермеген. Алайда Айгүл құрбыларына күйеуі тарапынан қорлық көретінін, қиын жағдайда екенін айтқан көрінеді.

Марқұм із-түссіз жоғалған күні ата-анасы қыздарына бірнеше рет хабарласқан. Енесі Натальяға хабарласқанда ол ұлы мен келінінің үйіне бармағанын, түрлі сылтаулар айта бастаған. Содан кейін марқұмның туыстары іздеу жариялаған.

Ал құрбысының айтуынша, соңғы рет Айгүл Сайлыбаевамен 2024 жылдың қыс айында кездескен. Сол уақытта оның жағдайы нашарлап кеткенін байқаған. Сөйтіп кейіннен құрбылары марқұмды әңгімеге тартқанда, ол барлық шындықты айтып берген. Яғни, күйеуі оған қол көтеретінін бірақ одан ажырасып да кете алмайтынын жеткізген.

Анасы марқұмның бет-әлпетін тану мүмкін болмағанын айтады. Айгүл Сайлыбаеваның денесінен барлығы 30-дан аса пышақ жарақаты анықталған. Әйелді тек мұрнындағы меңі арқылы ғана тани алған.

«Денесінде 34 пышақ жарақаты табылған. Басын ұрған. Сараптама нәтижесі оның есінен танып қалғанын көрсетті. Оны қойша бауыздап өлтірген. Денесін бөлшектегісі келген болуы керек. Басын кесіп алмақ болған ба, көмекейін тіліп тастапты. Қарау мүмкін емес. Басына қышқыл немесе химиялық зат құйылған, өйткені басында шаш жоқ, көзі де жоқ. Саусақ буындары тілінген, сарапшылар оның қарсылық көрсетіп, пышақ жүзін ұстауға тырысқан болуы мүмкін екенін айтады. Барлық саусағы, буындары тілінген», - деді Шолпан Батқалова.

Жәбірленшуі тарап Айгүл Сайлыбаева күйеуімен бірге тұрған пәтерде өлтіргеніне күмән келтірмейді. Адвокат Жанна Оразбахованың айтуынша, пәтердің тазаланғаны, жертөледе қанның іздері болған.

"Сараптама мәліметтеріне сүйеніп, біз пәтердің тазаланғаны, жуылғаны, қанның сүртілгені туралы қорытынды жасаймыз, бірақ қан бөлшектері шамның астында көрініп тұрды. Жертөледен де қан іздері табылды. Оқиға пәтердің ішінде болған сияқты. Кейіннен денені жасырған. Қандай да бір шуды естіген көршілердің куәліктері бар. Мүмкін, денені құлатып алған болар", – деді Оразбахова.

Айгүл Сайлыбаева жеті айлық жүкті болған. Адвокат күдікті Наталья Донцованың оның денесін жалғыз өзі жертөлеге түсіруге шамасы келмейтінін алға тартты. Оған баласы Александр Донцовтың көмектесуі мүмкін екенін айтады.

"Ссот-медициналық сараптама мен мәйітті сою нәтижесі өмірлік маңызы бар мүшелерге пышақ жарақатын салумен қатар, оның басына ауыр әрі қатты затпен соққы жасалғанын көрсетті. Адамды бір мезгілде кеуде тұсынан, ішінен пышақтап жатып, сонымен қатар ту сыртынан желке тұсынан қатты затпен ұру мүмкін емес", – деп түсіндірді адвокат.

Іс материалдарына сәйкес, Айгүлдің денесі салынған чемодан табылардан бір күн бұрын түнде суға тасталған.

"Ол суды бойына сіңіріп, сәл ісініп кеткен. Дене ірілеу болып көрінді. Кейін түнде бізге келіп, бұл әйел адамның денесі екенін растады. Бұл менің қарындасым болуы әбден мүмкін, өйткені айырым белгісі – мұрнындағы меңі бар. Келесі күні менен ДНК сараптамасын алды, екі күннен кейін ғана ДНК сәйкестігін растады", – деді Жанат Сайлыбаев.