Басты жаңалықтар

Шымкент балабақшасында тәрбиешілер балаларға банан таратып, оны суретке түсіріп болған соң жинап алған (ВИДЕО)

Балаларға банан таратып, оларды жинап алған тәрбиешілер жұмыстан қуылды.

Шымкенттегі балабақшада тәрбиешілер балаларға банан таратып, оны суретке түсірген соң жинап алған. Бұл туралы видео желіде тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жарияланған кадрлардан балалардың үстел басында отырғанын көруге болады. Балабақша қызметкері әр балаға бір бананнан беріп жатады. Ал екінші қызметкер оларды суретке түсіріп жүрген. Содан кейін банандарды қайта жинап алғаны байқалады.

Видеоны көрген желі қолданушылары ашуланып, неше түрлі пікір қалдырды.

"Ұят емес пе, сотсыз, тергеусіз жұмыстан шығару керек", "Сұмдық!", "Үнемі аш, оларға бәрібір аз көрінеді" деп жазды.

Қалалық білім басқармасының өкілдері жазбаға қатысты түсінік берді. Олар шағымнан кейін мектепке дейінгі мекемеде тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

"Бейнежазбаны қарап шыққаннан кейін бұл жағдай 2026 жылдың ақпанында болғаны анықталды", - дейді білім басқармасы өкілдері.

Мекеме меңгерушісі мен қызметкерлерінен түсініктеме алынған. Видеодағы бес ұызметкердің үшеуі қызметінен кеткен.