Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ҰҚК Атырау әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовқа қатысты тергеуді растады

ҰҚК Атырау әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовқа қатысты тергеуді растады
Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Атырау әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовқа тергеп-тексеру жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті БАҚ-та бұған дейін жарияланған Атырау әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталуына қатысты ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бған дейін Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. БАҚ мәліметінше, тергеуді ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген ҰҚК жауабында.

Айта кетсек, Мейіржан Мұқасов 1994 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2013 жылы Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы болып бастаған.

2015 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Әр жылдары қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі және бөлім басшысының орынбасары, қалалық қаржы бөлімінің басшысы, сондай-ақ Атырау облыстық қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармаларының басшысы лауазымдарын атқарды.

2025 жылдың қаңтарында Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Атырау облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар