Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Намыс күйеу баланың ұлтымен өлшенбейді»: Мұхтар Жәкішев күйеубаласын сынағандарға жауап берді

«Намыс күйеу баланың ұлтымен өлшенбейді»: Мұхтар Жәкішев күйеубаласын сынағандарға жауап берді
Сурет: instagram.com/dzhakishevmukhtar
Мұхтар Жәкішев күйеубаласы мен құдалары туралы жазба қалдырды.

Мұхтар Жәкішев қызының ұзату тойынан кейін желіде жазба қалдырды. Айтуынша, көпшілік сынап жатқан күйеубаласының жақсы адам екенін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, қызының таңдауы кездейсоқ емес және екі жас бір-бірін бұрыннан танитын көрінеді.

" Карл екеуі алты жылдан бері таныс. Осыдан екі жыл бұрын Карл Алматыға арнайы келіп, алдымнан өтті. Мен өз батамды бердім.

Карл маған ұнайды. Оның азаматтық ұстанымы дұрыс, алдына қойған мақсаттары айқын әрі ауқымды. Оның еңбекқорлығына, біліміне және алған бетінен қайтпайтын қайсарлығына қарап, көздеген шыңдарын бағындыратынына кәміл сенемін. Бірақ мен үшін ең маңыздысы – қызымды шын жүректен, терең әрі нәзік сезіммен сүйетіні", - деп жазды Мұхтар Жәкішев.

Сондай-ақ, ол түрмеде отырған кезінде үлкен қызының тойына қатыса алмағанын айтып, өкінішін жеткізді. Ол қызы Алтынайдың әкесіз өскенін және басқа елде, ортада өскенін түсіндірді. Қазіргі кезде қызы кәсіби журналист, табысты модель ретінде тұлға болып қалыптасқан.

Кәсіпкер күйеубаласына қатысты сыни сөздер айтқандарға ажуап берді.

"Кейбір қисынсыз, орынсыз пікір жазып жатқандар тек аяныш пен жиіркеніш сезімін туғызады. Нағыз намыс күйеу баланың ұлтымен өлшенбейді. Намыс дегеніміз сол намыс үшін тым жоғары баға төлеуге тура келгенде, адамдық арың мен абыройыңды таза сақтап қала алуыңмен өлшенеді. Ұлттың жаманы болмайды. Жаман адамдар болады", - деді ол.

Сондай-аұ, өзіне құдалары ұнайтынын және өте жақсы отбасы екенін атап өтті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар