Денсаулық

Эбола вирусы: Конгода 100-ден аса өлімі тіркелді

Эбола вирустарын жұқтырғандардың саны арта бастады.

Конго елінде Эбола безгегінен қайтыс болғандардың саны 100-ден асты. Вирус жұқтырған адам санының артуына байланысты елге шетелдік мамандар келді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ауру жұқтырғандар саны бүгінгі таңда 550-ге таяп қалқан.

Күні кеше ел билігі 91 адамның көз жұмғанын және 515 адамның инфекция жұқтырғанын хабарлаған еді. Ал соңғы 24 сағат ішінде өлім мен жағдайлардың саны артуда.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырудың 906 жағдайы тіркелгенін хабарлаған.

Еске сала кетейік, 20 мамырда Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Конго Демократиялық Республикасы мен Угандада Эбола қызбасының өршуіне байланысты шетелге шығуды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына ескерту жариялағанын жазған едік.