Қоғам

Көлік министрі еліміздегі демалыс орындарына көлікпен қатынау мәселесі қалай шешілетінін айтты

Қазақстандағы туристік бағыттарға 15 қосымша пойыз бағыты ұйымдастырылады.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев елдегі туристік бағыттарға қанша қосымша пойыз бағыты ұйымдастырылғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Министрдің сөзінше, Қазақстандағы туристік бағыттарға 15 қосымша пойыз бағыты ұйымдастырылады. Оның ішінде 10 бағыт Алакөл көлінің жағалауына қатынайды екен. 

Сонымен қатар қосымша пойыздар Астана-Достық, Алматы-Достық, Семей-Достық, Өскемен-Достық, Қарағанды-Балқаш, Алматы-Семей, Ақтөбе-Астана және Нұрлы жол-Шымкент бағыттары бойынша қатынайды.

“Демалыс орындарына барғысы келетін жолаушыларды тасымалдау үшін қолданыстағы пойыздардың құрамына қосымша вагондар тіркеліп, олардың сыйымдылығы ұлғайтылады. Жаңа пойыздар мен қосымша вагондардың есебінен 400 мыңнан астам туристі қосымша тасымалдауға мүмкіндік туады”, – деді министр.