Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтауда 8 жасар бала коррекциялық орталықтың терезесінен құлап кетті

Ақтауда 8 жасар бала коррекциялық орталықтың терезесінен құлап кетті
Сурет: видеодан скриншот
Коррекциялық орталықтың терезесінен құлап кеткен баланың ата-анасы тәрбиешілерді жазалауды талап етуде.

Ақтауда сегіз жасар бала коррекциялық орталықтың терезесінен құлап кетті. Баланың туыстары қайғылы оқиға болған коррекциялық орталықтағы педагогтарды жазалауды талап етіп отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

"Мен бұл ғимараттағы мәселелер туралы бірнеше рет айтқанмын. Ол жерде көптеген бұзушылықтар болды, терезелерде қорғаныш торлары жоқ еді. Жалпы, дамуында ерекшелігі бар балалар неге үшінші қабатта болған деген сұрақ бар. Кінәлілер анықталып, жазасын алуын талап етемін", – дейді баланың атасы Мақсат Дәулетов.

Қайғылы оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан бір баланың терезені ашып, сыртқа шардың ұшып кеткенін көруге болады. Нұрәли оны алмақ болып ұмтылып, терезеден құлап кетеді. Сол сәтте қатарлас бала терезенің жақтауын жауып қояды, ал Нұрәли бірнеше секунд төменде ілініп тұрады. Терезе қайта ашылған кезде бала құлап түскен.

Бөлмеде ерекше қажеттілігі бар балалармен бірге ересектер болмаған. Ауыр жарақат алған баланы ауруханаға жеткізген. Бірақ екі айдан кейін ол көз жұмды.

Туыстарының айтуынша, қайғылы оқиғаға қауіпсіздік техникасының өрескел бұзылуы себеп болған. Оқиғадан кейін орталық жабылды.

"Бұл жағдайда балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген. Терезелерде қорғаныш торлары болмаған. Сонымен қатар балалар ересектердің қарауынсыз қалған. Бұған қоса, бұл ғимараттағы бөлмелер коррекциялық орталыққа қажет құжаттарсыз берілгені анықталды", – дейді Маңғыстау облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Тілектес Болатбаева.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар