Қоғам

Жазда бензин бағасы қаншаға дейін өседі: энергетика министрі жауап берді

Энергетика министрі бензин бағасы қаншаға дейін көтерілетінін айтты.

Мәжіліс кулуарында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов биыл жазда бензин бағасы қаншаға өсетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында журналистер энергетика министрі Ерлан Ақкенженовке бензин бағасының 100 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін бе деген сұрақ қойды.

Министрдің мәліметінше, баға 3–4 теңгеге өскен. 

"Біз нарықты реттемейміз. Егер нарыққа қатысушылар 3–4 теңгеге көтеруді әділ деп санаса, баға өзгереді", – деді ол.

Бұл ретте министр отын құны, мысалы, 100 теңгеге дейін күрт көтерілуі мүмкін деген болжамдарды қолдамады.

"Қазір мұнай құны тым жоғарылап кеткен жоқ - ол барреліне шамамен 93,5 доллар деңгейінде тұр. Қазақстандықтарды сабырға шақырғым келеді, Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр және бағаны ұстау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", - деді Энергетика министрлігінің басшысы.