Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қарызға ақша беріп, интимдік қызмет талап еткен": Қостанайда блогер 10 жылға сотталды

"Қарызға ақша беріп, интимдік қызмет талап еткен": Қостанайда блогер 10 жылға сотталды
Сурет: сайттан скрин
Блогерге қатысты сотүкім шығарды.

Арқалық қалалық соты жергілікті блогер Қанат Әлімбаевқа қатысты үкім шығарды. Блогер зорлау, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу және сексуалдық сипаттағы күш қолданды деп айыпталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Тobolinfo.kz порталына сілтеме жасап.

 

“Арайлы Арқалық” YouTube арнасының авторы Қанат Әлімбаевтың қамауға алынғаны туралы ақпарат сәуір айында шыққан еді. Сол кезде Қостанай облысы полиция департаменті Арқалық қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істің тергеліп жатқанын хабарлады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам әйелдерге қатысты жыныстық қол сұғылмаушылық бойынша бірқатар қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.

 

“Күдікті кейбір әйелдерге қарызға ақша беріп, кейін олардан интимдік қызмет талап еткен. Бас тартқан жағдайда ол жыныстық сипаттағы заңсыз әрекеттер жасамақ болған”, – деп мәлімдеді полиция департаментіндегілер.

Ал оған жақын қатынастан бас тартқандар зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

22 мамыр күні Арқалық қалалық соты аталған іс бойынша үкім шығарып, Қанат Алимбаевты кінәлі деп таныды. Сот құжаттарынан оған Қылмыстық кодекстің:

  • 120-бап ("Зорлау");
  • 123-бап("Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, лесбиандыққа немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүрлеу")
  • 121-бап ("Жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері") бойынша айып тағылғаны белгілі болды.

 

Іс қорытындысы бойынша сот айыпталушыға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Қорғау тарапы сот үкімімен келіспейтінін жеткізіп, апелляциялық шағым түсірді.

 

Қылмыстық істің егжей-тегжейі ашық дереккөздерде жарияланбаған. Сот актісі Сот кабинеті жүйесінде де жарияланбаған.

Блогер Қанат Әлімбаевтың бұған дейін билікке сын айтылған видеолар мен өзге де материалдарды жариялап жүргені белігілі болды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар