Қазақстанның 13 өңірінде декреттік төлем бойынша 38-ден астам қылмыстық іс қозғалды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:35
- 60
Мәжіліс отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай негізсіз декреттік төлемдерден мемлекетке қандай залал келгенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, аталған істер бойынша мыңнан астам әйел жауапқа тартылды.
"Қазір Қазақстанның 13 өңірінде 38-ден астам қылмыстық іс қозғалды, барлық материал құқық қорғау органдарына берілді. Қазіргі таңда бұл істер бойынша мыңнан астам әйел тергелуде. Келтірілген залалдың алдын ала жалпы сомасы – 3 млрд теңге. Өздеріңіз білетіндей, осы заңсыз схемаларды жасаған адамдарға қатысты тоғыз қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды — бұл саладағы жұмыс жалғасуда", - деп атап өтті Виктория Шегай.
Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, қазір бұл мәселеге қатысты министрлік ішінде ішкі аудит жүріп жатыр. Оны осы айдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.




