Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сайранда тәтті мақта сататын саудагер, оның ыдысын көлдің суына жуған (ФОТО)

Сайранда тәтті мақта сататын саудагер, оның ыдысын көлдің суына жуған (ФОТО)
Сурет: threads.com/@ramazanovasn
Сайран көлінде тәтті мақта дайындайтын ыдысты жуған саудагердің әрекеті көпшіліктің ашуын тудырды.


Желіде Сайран көлінде тәтті мақта дайындайтын ыдысты жуған саудагердің әрекеті қызу талқыға түсті. СЭБ өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 

Желі қолданушысы көл жағасында темір ыдысты жуып жатқан ер адамның суреттерін жариялап, бұл адам тәтті мақта сатумен айналысатынын жазған. Сондай-ақ, жуып жатқаны мақта дайындайтын ыдыс екенін айтқан.

 

"Не көргенімізді қараңыз: тәтті мақта сатып тұрған адам оны дайындайтын ыдысты тура су қоймасында жуып отыр. Бұған не дейсіздер?" - делінген жазбада.

 

Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (СЭБД) жағдайға қатысты пікір білдірді.

 

"Рұқсат етілмеген сауда орындарында тамақ өнімдерін сату тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін, өйткені санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын, өнімді сақтау және сату жағдайларын, сондай-ақ сатушылардың жеке гигиенасын бақылау мүмкін емес", - деп хабарлады ведомство.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар