Мәдениет

«Сәл ұялсаңдаршы...»: Ләйлә Сұлтанқызы танымал адамдардан қарыз ақшасын ала алмай жүргенін айтты

Ләйлә Сұлтанқызы өзіне қарыз адамдар, ақшасын қайтармай жүргенін айтып, ренжіді.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзіне қарыз адамдар туралы айтты. Олар алған ақшаларын ұзақ уақыт бойы қаайтармай жүрген көрінеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы желідегі парақшасында жазды.

«Осы деймін да, неге қарызға ақша алғандар завтраками кормят? 1 ай кешіктірсе түсінем, бірақ 1 жыл, 2 жыл, 5 жылдап бермей жүргендер оқып отырсаңдар, сәл ұялсаңдаршы… Уже өз ақшаңды сұрауға ыңғайсызданады екенсің. Әлде аттарын атап тұрып, жазайын ба? Көбін танисыздар», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары тележүргізушіні жақсы түсінетіндерін айтып, мұндай жағдай көпшілігінде кездесетінін айтты.