Жанар Дұғалова жеке концертін беруді жоспарлап жүргенін айтты.
Танымал әнші Жанар Дұғалова жеке концерт өткізуді жоспарлап жүргенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі бұл жаңалығын Beu Fest музыкалық фестивалінен кейін RevueNews-қа берген сұхбатында бөлісті.
Мұндай шешім қабылдауына жанкүйерлерінің өтініші себеп болған.
“Жанкүйерлерім күн сайын жазып, жеке концерт күтіп жүргендерін айтады. Сұраныс өте көп. Сондықтан, Құдай қаласа, дайындалыңыздар!” – деді өнер иесі.



