Қоғам

Италияда қазақстандық студент мерт болды

Италияда Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқыған студент қаза тапты.

Италияда қазақстандық студент қайтыс болды. Ол Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқыған. Оның қазасы туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

 

Бұл туралы Дінмұхамед Мұхтаров Threads әлеуметтік желісінде жазды. Оның айтуынша, Нұрдәулет теңізде суға батып кеткен. Қазір отбасы оның денесін Қазақстанға жеткізу үшін қаражат жинап жатыр.

 

"Қазір біз оның денесін туған жері Қазақстанға жеткізу үшін қаражат жинап жатырмыз. Жалпы құны – 8000 еуро (4,5 миллион теңге)", – деп жазды Дінмұхамед Мұхтаров.

 

Қазіргі кезде ҚР Италиядағы елшілігі мен Италияның құзыретті органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

"Сыртқы істер министрлігі марқұмның жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қазақстан Республикасының Италиядағы елшілігі мен Италияның құзыретті органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазақстандық дипломаттар туыстарымен байланыста болып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.