Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды
Сурет: almatydc.kz
Мемлекет басшысы кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Конституциялық заңға қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 

Президент қол қойған құжаттар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіру, сондай-ақ сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

 

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Конституциялық заңға қол қойды. Сонымен қатар бірқатар заңнамалық актілерге сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша түзетулер енгізуді көздейтін заң бекітілді.

 

Бұдан бөлек, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға да қол қойылды.

Аталған заңдардың толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар