Мәдениет

Актриса Жанель Мақажан хиджабын шешті

Жанель Мақажан орамалын шешті.

Белгілі актриса әрі блогер Жанель Мақажан хиджабын шешті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі өміріндегі өзгерісті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Актриса жариялаған видеода оның орамалсыз жүргенін көруге болады.

Жанель Мақажан қазір той жүргізу және ұзату саласына белсенді кірісіп жатқанын жазған.

“Біз сіздердің қуанышты сәттеріңізді абыроймен, қызықты әрі әсерлі етіп өткізуге дайынбыз. Тойларыңыз болса, хабарласыңыздар”, – деді ол.

Айта кетейік, актриса жазбасының пікір қалдыру бөлімін жауып қойған.