Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда 13 жастағы жасөспірім 12-дегі баланы пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

Алматыда 13 жастағы жасөспірім 12-дегі баланы пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді
марқұмның туыстары берген фото
12 жастағы баланы өзінен бір жас үлкен жасөспірім пышақтаған.

Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан көз жұмды. Марқұмның әпкесі Threads әлеуметтік желісінде оны екі жасөспірім пышақтағанын жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Балаға 9 пышақ жарақатын салған.

«12 жастағы жиенімді өлтіріп кетті. 13 жастағы екі жасөспірім оған 9 рет пышақ сұққан», – деп жазды ол.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде 10 маусым күні Түрксіб ауданында 12 жастағы жасөспірімнің пышақ жарақатынан көз жұмғанын растады.

«Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Алматы қаласының 13 жастағы тұрғыны ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші бір-бірін бұрыннан таныған. Тергеудің бастапқы деректеріне сәйкес, қайғылы оқиға кәмелетке толмағандар арасында туындаған жанжал барысында болған», – дейді Полиция департаменті.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта күдікті арнайы мамандандырылған мекемеге орналастырылды.

«Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тергеу нәтижелері бойынша баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін күдіктінің ата-анасының жауапкершілігі мәселесі заңнама талаптарына сәйкес қаралатын болады», – делінген агенттікке берген түсініктемесінде.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар