Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбілов те мемлекеттік наградаға ие болды

Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбілов те мемлекеттік наградаға ие болды
Сурет: instagram.com/saken_maigaziyev/
Президенттің жарлығымен Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбілов марапатталды.

Қазақстандық әнші, “МузАРТ” тобының мүшесі Сәкен Майғазиев “Парасат” орденімен марапатталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Сондай-ақ, топтың тағы бір мүшесі Кенжебек Жанәбіловке “Құрмет” ордені берілген.ра

“Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мейрамбек екеумізді “Парасат” орденімен, Кенжебекті “Құрмет” орденімен марапаттады!Ұсынылған марапат ел игілігіне баянды болғай! Күллі қазақ халқына мың алғыс!” – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар