Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрай Серікбайдың өлімі: қылмысты істі тергеу аяқталды

Нұрай Серікбайдың өлімі: қылмысты істі тергеу аяқталды
Сурет: ашық дереккөздерден
Нұрайдың ісі бойынша тергеу әрекеттері аяқталды.

Шымкент қаласының полиция департаменті Нұрай Серікбайды өлтіру дерегіне қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеуді толықтай аяқтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жәбірленуші жақтың мүддесін қорғайтын адвокат Аянхан Омаров мәлімдеді.

«Нұрайдың ісі бойынша тергеу әрекеттері аяқталды. Бүгінгі күнге дейін жәбірленуші тарап пен олардың адвокаты қылмыстық істің 1–7 томдарымен танысып, олардың көшірмелерін алдық. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жалғасуда. Істің барлық қатысушылары заңда көзделген құқықтарын толық пайдаланып болғаннан кейін іс сотқа жолданады. Танысу барысы туралы қосымша ақпарат беріліп отырады», - деді адвокат.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар